Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының алғашқы жекпе-жегі болады.
Кеше қарсыласын нокаутпен жеңген 86 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 1/8 финалда шаршы алаңның иесі, Өзбекстанның чемпионы Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Өзбекстанның өкілі кәсіпқойда өнер көрестеді. Ол — жастар арасындағы Азия чемпионы. Абдуллаев әлем чемпионатының бірінші кездесуінде қырғызстандық Еркин Адылбековтен басым түсті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА