• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Пари Сен-Жермен» клубы Мессиге ескерту жасады

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубының басшылығын ескертпей, өз еркімен Сауд Арабясына барғаны үшін екі аптаға ойындардан шеттетілді.

    Сонымен бірге Месси жаттығулардан шеттетіліп, екі жұмаға төленетін айлығынан айырылды.

    Енді аргентиналық футболист Франция чемпионатындағы «Труа» (7 мамыр) мен «Аяччо» (13 мамыр) командаларына қарсы ойынға қатыспайды.

    Қазір Месси 35 жаста. Ол  « ПСЖ» клубына келгелі бері 37 матч өткізіп, 20 гол салып, 19 нәтижелі пас берді. 2021 жылдан бері ол Париж қаласының командасының құрамында Францияның чемпионы болып, Суперкубоктың иегері атанды.

    «ПСЖ» клубы Франция чемпионатында 75 ұпаймен бірінші орында келеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *