• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 16.05.2023

    Президент бокстан әлем чемпиондарымен кездесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен жаттықтырушыларымен және әлем чемпиондарымен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Кездесуге Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен бокстан әлем чемпионы атанған спортшылар – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауов қатысты. Мемлекет басшысы спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтады. Әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс медаль алу – зор жетістік. Қазақ жігіттері ...

    Read More »

    Рыбакина бастаған теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады

    22 мамырда Парижде биылғы екінші «Үлкен дулыға» жарысы – Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Іріктеу кезеңінде Қазақстаннан Тимофей Скатов бақ сынайды. Негізгі турнирге Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик бірден жолдама алды. Әлемнің 6-ракеткасы Еленаның рейтингісі жоғары, сондықтан жеребе қолайлы болмақ. Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов, сондай-ақ Бублик, Путинцева және Рыбакина өнер көрсетуі тиіс. ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы болуға тырысамын — Санжар Тәшкенбай

    Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай елге келісімен Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Олимпиада чемпионы болуға тырысатынын, соған талпынатынын айтты. Осы сәтті көп күттік. Жеңіске жету — әр спортшының арманы. Атап айтқанда, Ташкентте жанкүйер ретінде келген қазақтар көп болды. Шаршы алаңда тұрғанда, жаттықтырушылардың емес, көрермендердің дауысы басым шықты. Жалпы, жекпе-жекті тамашалауға келген адамдардың қолдауын күшті сезіндік. Осы орайда олардың баршасына алғысымды ...

    Read More »

    Ауыр атлеттер Азия чемпионатында төрт алтын жүлде жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның  Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық додаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды.   Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды  Нұрғиса Әділетұлы сыйлады. Ол 102 келіге дейінгі салмақта 400 (181+219) келіні басынан асырды. Жұлқи көтеруде күміс, серпе көтеруде және жалпы жаттығуларда алтын жеңіп алды. 109 ...

    Read More »

    Өзбекстанда қазақ боксшысын «Мен қазақпын» әнімен қарсы алды (ВИДЕО)

    Өзбекстанда бокстан ерексектер арасында өткен әлем чемпионатына осы елдің атынан қатысқан этникалық қазақ спортшысы Руслан Абдуллаевты туған-туыстары өзбек елінің туымен келгенде Қазақстанның белгілі әнші Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» атты әнімен қарсы алған. Руслан Абдуллаев 20 жаста. Ол биылғы әлем чемпионатының финалында моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, әділ қазылар алқасының бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Руслан Абдуллаев Ташкент облысы Кыбырай ...

    Read More »