Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстанның әйелдер құрамасында алтын медальді Әсем Орынбаймен және Зоя Кравченкомен бірге 53 жастағы Ольга Панарина жеңіп алды. Спортшы 53 жасында алғаш рет Азиаданың алтын жүлдесін алып отыр. Біріншіден, мен көп жаттығамын. Екіншіден, спортшылар қартаймайды. Мен спортпен өмір бойы айналысып келемін. Нысана көздеумен жас кезімнен бері айналысамын. Сондықтан қандай бір жарыс болсын оған ...
Read More »Daily Archives: 27.09.2023
XIX Азиада: Қазақстан қоржынына сегізінші жүлде түсті (ВИДЕО)
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 рет нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті. Тағы бір ұлттық құраманың мергені Ольга Панарина финалда 34 ұпаймен төртінші орын алды. ...
Read More »XIX Азиада: Қазақстан 11-орынға көтерілді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бүгінгі алтын жүлденің арқасында жалпыкомандалық есепте 11-орынға көтерілді. Топ басына алаң иелері – Қытай Халық Республикасының спортшылары орналасып отыр. Олар 59 алтын, 39 күміс және 13 медаль алды. Екінші орында Оңтүстік Кореяның өкілдері келеді. Таңғы шық елінің спортшылары 15 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлдені жеңіп алды. Одан кейінгі сатыда ...
Read More »Сүйінші! Азиадада Қазақстан спортшылары алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарынан сүйінші хабар келіп жетті. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасындағы Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды. Олар 344 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартты. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ФОТО: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ
Read More »Азиадаға қатысқан спортшылардың алғашқы легі елге келді
Алматы халықаралық әуежайына Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді. Олардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар. Әзірше Азиадада төрт күннің нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде алды. Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады. Ал кеше Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ...
Read More »