• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Жауынгерлік өнер ойындары Қазақстан үшін табысты аяқталды  

    Сауд Арабиясының астанасы — Ар-Рияд қаласында V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Он бір күннің ішінде 16 спорт түрінен 1500-ден астам атлет 954 медальді өзара сарапқа салды. Оның 259-ы алтын, 259-ы күміс жүлде болса, қалған 436-сы қола медаль болды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс пен 23 қола ...

    Read More »

    Маңғыстаулық үш бірдей боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Бүгін Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, Маңғыстау облысында туылған Бейбарыс Нұрмұхан (66 кг) мен Бақытжан Айтмұханов (80 кг) рингке шықты. Шаршы алаңға бірінші шыққан Бейбарыс Жексен (66 кг) қырғызстандық Рамазан Исаевты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал Бақытжан Айтмұханов (80 кг) тайпейлік Панг Гуан-Хаоны бірінші раундта мерзімнен бұрын жеңіп, Маңғыстаудың екі бірдей ...

    Read More »

    Елімізден Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына 53 спортшы қатысты

    Сауд Арабиясының астанасы – Ар-Рияд қаласында Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан спорттың он түрінен 53 спортшыдан құралған делегация құрамымен қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жарыс 11 күн болып, оған әлемнің 120 елінен 1 500-ден астам спортшы бақ сынасты. Ойындар бағдарламасы барлығы 16 спорт түрі бойынша өтті. Қазақстан дзюдо, таеквондо, күрес (белбеу күресі, қазақ күресі, грек-рим ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Сауд Арабиясында балуандарымыз барлық жүлдені жеңіп алды

    Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ күресінен мынға түскен ұлттық құраманың балуандарының бәрі жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, ұлттық спорт түрлерінен бірқатар жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде қазақ күресі де бар. Қазақ күресі алғаш рет жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына еніп, бес салмақта мықтылар белгілі болды. Оның ...

    Read More »

    V Дүниежүзілік ойындарының логотипі мен ұраны таныстырылды

    Бүгін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушыларының халықаралық конференцияcында додалы жарыстың спорттық, мәдени бағдарламалары, ресми логотипі мен ұрансөзі таныстырылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында болып, оған туризм және спорт министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ермек Маржықпаев, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Көшпенділер ойындарын ...

    Read More »

    Маңғыстауда күрестен Ысқақ Джолмурзаевты еске алуға арналған турнирдің бағдарламасы

    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Бесшоқы Спорт кешенінде еркін күрестен 2010 — 2011 және 2012 — 2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Ысқақ Бақытжанұлы Джолмурзаевты еске алуға арналған І облыстық ашық турнирі өтеді. Маңғыстау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен алғаш рет өткелі отырған турнирге Өзбекстанның Науаи мен Қарақалпақстанның Нүкіс пен Хожелі қаласынан, еліміздің Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Қызылсай, ...

    Read More »

    Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары басталды

    Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Ар-Риядта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Green Halls кешенінде өткен ауқымды іс-шарада 80-нен астам мемлекеттің өкілдеріне түрлі қойылымдар, жекпе-жек түрлерінің ерекшелігі жайлы көріністер ұсынылды. Елімізде жекпе-жек түрлері тиісті деңгейде дамып жатыр. Оның үстіне халықтың басым бөлігі аталған спортты тұрақты бақылап отырады. ...

    Read More »

    Қазақ журналисі Чикаго марафонына қатысты

    Белгілі журналист, кәсіпкер Еренғайып Қуатайұлы АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен марафонға қатысты. Биыл ол сәуір айында Бостон қаласында жүгіруден өткен жарысқа қатысқан болатын. Енді міне, ол Атлант мұхитының ар жағында жатқан алып елде ұйымдастырылған тағы бір марафонда бақ сынап көрді. Оның айтуынша, марафонға 40 мың адам қатысты. Солардың жарысын 1 700 000 жанкүйер тікесінен тік тұрып қолдап тұрды. Ол жарыстың қалай басталғаны ...

    Read More »