• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Таеквондо

    Таеквондошылар Испаниядан төрт жүлдемен оралды

    Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есепте үшінші орын иеленді. Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 кг) пен Нұрлан Мырзабаев (87 кг) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 кг) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 кг) еншісінде қола жүлде бар. Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Танымал таеквондошыға Олимпиада жолдамасын алуға бір қадам қалды

    Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды. Енді ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.

    Read More »

    Олимпиада жолдамасына төрт таеквондошы таласады

    15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Құрлық додасында 33 елден келген 96 спортшы қатысады. Турнирге Қазақстаннан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (80 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) қатысады. Самирхон 20 жаста. Ол — ...

    Read More »

    Қазақстан төрешісі Ирандағы турнирде үздік деп танылды

    Таеквондодан Иранда өткен G2 санатындағы President’s Cup Asian Region турнирінде Арайлым Аймурзина үздік деп танылды, деп хабарлады Olympic.kz.  Жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық төрешінің еңбегін бағалап, оған үздік төреші атағын берді. Ирандағы турнирде Қазақстан командасы бес медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар.  

    Read More »

    Пара таеквондошылар Паралимпиадаға үш лицензия алды

    Паралимпиада ойындарының квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз  Нұрлан Домбаев, 80 кг-ден аса салмақтағы Нышан Өмірәлі мен 57 келіге дейінгі салмақтағы Кәмиля Досмалова  биыл Париж қаласында өтетін Паралимпиялық ойындардың жолдамасын жеңіп алды. Спортшыларымыз ТОП-20 үздік спортшының қатарына кірді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның пара спортшылары  Паралимпиадаға бес лицензияға ие болып отыр. Олар пара жеңіл атлетика,  ...

    Read More »

    Астанада таэквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды

    Астанада таеквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды. Жарыс 2-4 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды. Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен 179 мықты спортшы медальдар үшін күш сынасты. Оған 113 ер адам мен 76 әйел қатысты. Олардың арасында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Смайыл Дүйсебай, Рио-де-Жанейро, Токио қалаларында болған Олимпиялық ойындарға қатысып, бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы ...

    Read More »

    Таэквондошы Жансель Дениз Гран-придің финалына шықты

    2-3 желтоқсан аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында таэквондодан биылғы жылғы Гран-придің финалы болады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бәсекеде Олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта 38 мемлекеттен жиналған 128 таңдаулы спортшы жүлдеге таласады. Яғни, әр салмақта 16 даянг шеберінен. Бастысы, мұндағы ұпайлар Париж ойындарына бару мүмкіндігін жақындата түседі. Қазақстан атынан Манчестерге тек бір ғана таэквондошы ...

    Read More »

    10 жастағы қазақ баласы қара белбеудің I дан иегері атанды

    Астанадағы экономикалық лицейдің 4-сынып оқушысы Ерасыл Қабылбек 10 жасында таэквондодан қара белбеудің I дан иегері атанды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ерасыл қара белбеудің I дан атағын Халықаралық таэквондо федерациясының президенті, қара белбеудің IX дан иегері Си Джон Ох төрағалық еткен комиссияның аттастациясынан өтіп, алды. Ерасыл Қабылбек спорттың осы түрімен 3,5 жасынан бері айналысады. Ол 2021 жылы Белурусьтің Минск қаласында ...

    Read More »

    Азиада қорытындысы: министр федерацияларды сынады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев семсерлесу және таэквондо федерацияларының басшылары мен жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Жиында спорт түрлерінің Азия ойындарындағы қорытынды есебі тыңдалып, алдағы Париж Олимпиадасына қатысты жоспарлар пысықталды, деп хабарлады ведомство.  Ермек Маржықпаев Ханчжоудағы көрсеткен нәтижелерге көңілі толмайтынын жеткізіп, федерация өкілдерінің Азиада алдында берген міндеттемелерін орындай алмағанын қатты сынға алды. Айта кету керек, семсершілер Азия ойындарында 1 алтын, 1 ...

    Read More »

    WT Таэквондодан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы 6 жүлде алды

    Ливанның астанасы Бейрут қаласында WT таэквондодан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында ел қоржынына тағы 6 жүлде түсті. Бұған дейін хабарланғандай, қола жүлдені Әлібек Нұрғазы (45 кг), Самал Берікқызы (+68 кг, екеуі де Алматы қаласынан) мен Атырау облысының спортшысы Мерей Мәлік (63 кг) иеленген болаты. Одан кейін Бектөре Оралханов (51 кг,  Алматы қаласы) пен Дария Манасқызы (68 кг, Маңғыстау облысы) Азия ...

    Read More »