• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Таеквондо

    Әке көрген оқ жонар

    Осы бір сөздің астында үлкен мән жатыр. Әкенің ақылы, қамқоры, мейірімі, қолдауы жетіспесе баланың толыққанды азамат болып өсуі қиындау. Иә, кейбір әкелер балаларына тіпті уақыт бөліп қарамақ тұрмақ құшағына алып әкелік парызын өтеуден жырақ жүреді. Содан барып әке мейірімін көрмеген бала өз ортасында өзгеден саяқ, жабырқау, суықтау болып өсері анық. Ал, кейбір әкелердің баласының жанында айналып, толғанып шапқылап жүргенін көргенді ...

    Read More »

    V Исламиада: Қазақстанның жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жарияланды

    Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан спортшылары 27 алтын, 23 күміс және 39 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орынмен қорытындылады. Оқырманның назарына журналист Мұсағали Тасқалиевтің Исламиада туралы материалын ұсынуды жөн көріп отырмыз. Ислам ойындары – Ислам конференциясы ұйымына кіретін елдердің ең ірі халықаралық жарысы. I Ислам ойындары 2005 жылы Сауд Арабиясында өтіп, 54 мемлекет ...

    Read More »

    Желтоқсан батырлары жас буынға батасын берді

    Қазақстанға елім, жерім деп келіп, шығыс жекпе-жегі таеквондо спортының негізін қалаған ардақты тұлға, асыл азамат Мұстафа Өзтүріктің атында көптеген жарыстар өтіп тұрады. Ұлтжанды бауырымыздың дүниеден озғанына да көптеген жылдың жүзі болғаны белгілі. Бүгінде Мұстафа Өзтүріктің атында жарыстар жас буын арасында жиі өтеді. Ал, сол жарыстарды ұйымдастырушылардың көпшілгі Мұстафа марқұмның төл шәкірттері. Ұстаздарын жоғары құрметтейтін шәкірттерінің ішінде Байділдә қажы Жұмабектің орны ...

    Read More »

    Мұрат ТЕМІРӘЛИЕВ : Ел таеквондосының ертеңіне сенімдімін

    Тоқсаныншы жылдардың басында Алаш топырағына корейлер ойлап тапқан өнердің ұрығын сепкен қара белбеу, алтыншы дан иегері Мұстафа Өзтүрік екенін көпшілік жақсы біледі. Сонау Германиядан Атажұртын аңсап келген асыл азамат Қазақстан халқын таеквондомен табыстырды. Ол танымал жекпе-жек шебері Бексейіт Түлиевпен бірігіп, елімізде осы спорт түрінің кеңінен құлаш жаюына көп күш салды. Ел-елде, жер-жерді үйірмелер ашылды. Жастар спорт залдарға беттеді. Таеквондоның тұнығына ...

    Read More »