Қатардың астанасы — Дохада таеквондодан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан ересектер құрамасы жарыстың соңғы күні атап айтарлық нәтиже көрсетіп, бірнеше медаль жеңіп алды.
Мария Севостьянова, Нұрай Бауыржанова, Нұрай Құсайынова, Назым Махмұтова, Тамерлан Тілеулес, Нұрбек Ғазез, Бекарыс Бекенов пен Абдурахман Марипов алтын медальді иеленсе, Азиза Қаражанова, Батырхан Төлеуғали, Әнуап Мұхамедкәрімов мен Надира Ахмедова күміс жүлдеге ие болды.
Қола медальді Ясмина Нарбаева, Аяжан Сапархан, Айша Әділбекқызы, Ерболат Хасан, Нұрлан Мырзабаев, Айдана Құмартаева мен Елдос Ысқақ қанағат тұтты.
Нәтижесінде үшінші күн қатарынан қазақ спортышлар жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Айта кетейік, осыған дейін еліміздің кадеттер командасы 5 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль алған болатын.