• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    ktf.kz

    Қазақстан төрешілері WTA 250 турнирлерінің финалында қазылық етті

    Меруерт Каукеева мен Юлия Игнатченко WTA 250 турнирлерінің финалында мінбеде қазылық етті, деп хабарлады ҚТФ.

    Игнатченко Гонконгта WTA 250 жарысының соңғы бәсекесінде Диана Шнайдер мен Кэти Бултер ойынында төреші болды. Ал Каукеева Цзюцзяндағы (Қытайда) дәл осындай доданың финалында Виктория Голубич пен Ребекка Шрамкованың матчына қазылық жасады.

    Қазақстан теннис федерациясы 2009 жылдан бері төрешілер мектебін дамытуға күш салып келеді. Осы кезеңде халықаралық дәрежедегі төрешілер санатына іліккен Юлия Игнатчетко 2022 жылы, Меруерт Каукеева бір жылдан кейін күміс белгіні (silver badge) алды. Ал Владлена Саменкова биылғы ақпанда қола белгіге (bronze badge) қол жеткізді.

    Игнатченко төрешілік мансабын 2008 жылы, Каукеева 2015 жылы бастады. Юлия «Үлкен дулыға» турнирлерінде 2015, Меруерт 2016 жылдан бері қазылық етуде. Олар сондай-ақ Токио және Париж Олимпиадаларында да қызмет етті.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *