• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Photo by Artur Widak

    Рыбакина тағы да жылдың қорытынды турнирінде жеңілді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Ар-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлады ҚТФ.

    Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнады.

    Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен екі рет ойнағанда соның екеуінде де  Рыбакина жеңген болатын. Бұл жолы бірінші партияда қытайлық теннисші 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, тай-брейк Циньвэньнің еншісінде кетті. Есеп — 7:6 (7:4). Екіншісінде Елена Рыбакина есе қайырды. Есеп — 6:3. Алайда үшінші, шешуші сетте қытайлық теннисші басымдылық танытты. Ол 6:1 есебімен жеңді.

    Рыбакина өз тобындағы соңғы кездесуін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өткізеді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *