• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан таэквондо федерациясы

    Жасөспірімдер таэквондодан Австриядағы турнирде төрт жүлде алды

    Австрияда таэквондодан (WT) AustrianOpen турнирі аясында жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар болды, деп хабарлады Қазақстан таэквондо федерациясы.

    Бұл турнирде Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды.

    Ел құрамасынан Мирас Пазылов (33 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, Ралиф Сазазов (49 кг), Әлихан Өмірәлі (57 кг) мен Айгерім Бекжанқызы (68 кг) қола медальге ие болды.

    Сондай-ақ еліміздің ересектер құрамасы аталған халықаралық жарысқа қатысады.

    Халықаралық жарыста ел құрамасы сапында Азиза Қаражанова (53 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), ⁠Мария Севостьянова (57 кг), ⁠Камила Аймұқашева (62 кг) жарыс жолына шығады.

    Сондай-ақ ⁠Бекзод Қадырқұлов (54 кг), Артур Серік (54 кг), Изят Касанов (63 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Мерей Мәлік (74 кг), ⁠Мерген Ганиев (80 кг), ⁠Мейір Нұрғазин (87 кг), Нұрқанат Қожахмет (87 кг), ⁠Бейбарыс Қаблан (87 келіден аса), ⁠Бауыржан Хасенов (87 келіден аса) ел намысын қорғайды.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *