Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы үздік үштікке кірді.
Отандастарымыз төрт кезеңнің қорытындысында топтық жаттығуда қола жүлдемен марапатталды.
Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Ясмин Тұяқова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА