Пара каноэдан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құраамсы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Чемпионатта Бибарыс Спатай екі алтын, бір қола жүлде алса, Максим Богатырев бір алтын, екі күміс медальді иеленді. Ал Жаңыл Балтабаева екі күміс, Мейіржан Армия бір күміс, бір қола жүлдені қанағат тұтты.
Еске сала кетсек, Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу спортынан жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты болып жатыр. Оған 15 елден 300-ге жуық спортшы қатысуда.
Азия додасында еліміздің атынан Мария Бровкова, Дінмұхаммед Шынқожаев, Богдан Яценко, Михаил Затолокка, Сұлтан Шарапиев, Руслан Федотов, Анна Емельяненко, Вероника Трапезникова, Ульяна Иванова, Малика Тұрсын, Эвелина Костенко, Ольга Сурмина күш сынасады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА