• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    10 жастағы қазақ баласы қара белбеудің I дан иегері атанды

    Астанадағы экономикалық лицейдің 4-сынып оқушысы Ерасыл Қабылбек 10 жасында таэквондодан қара белбеудің I дан иегері атанды.

    Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ерасыл қара белбеудің I дан атағын Халықаралық таэквондо федерациясының президенті, қара белбеудің IX дан иегері Си Джон Ох төрағалық еткен комиссияның аттастациясынан өтіп, алды.

    Ерасыл Қабылбек спорттың осы түрімен 3,5 жасынан бері айналысады. Ол 2021 жылы Белурусьтің Минск қаласында Әлем кубогы үшін өткен чемпионатты жеңіп алып, Оңтүстік Кореяда жалауы желбіреген Әлем кубогы үшін чемпионаттың күміс жүлдегері атанған. Сонымен бірге ол Қазақстанның бірніше дүркін чемпионы, Азияның абсолютті чемпионы болған.

    Атап өтетін бір нәрсе, Халықаралық таэквондо федерациясының тәртібі бойынша қара белбеу 13 жастан бастап беріледі. Бірақ федерация қазақ баласының спорттағы жетістігі мен таэквондомен айналысуға бөлген уақытын ескеріп, оған қара белбеудің I дан иегері атағын беруді ұйғарды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *