• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атлетика

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынана алты қола жүлде түсті

    Беларусь астанасы — Минск қаласында өтіп жатқан ТМД-нің II ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына алты қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ , дзюдо күресінен Алдияр Саин (90 кг) мен Әлихан Назымханов (+90 кг), жеңіл атлетикадан Ангелина Шрубянец (60 метр), Дмитрий Спаский (2000 метр), Алиса Исаева (ұзындыққа секіру) және көркем гимнастикадан қыздар құрамасы ТМД ойындарының қола жүлдегері атанды. Үшінші күннің қорытындысы ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Таиландтың астанасы — Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан XXV Азия чемпионатында биіктікке секіруден ұлттық құрамагың спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге секірген. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 метр). Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында келеді. ...

    Read More »

    Ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады

    Белгілі спортшы 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан ауыр атлет, төрт дүркін Қазақстан чемпионы Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады. Ол 35 жасында көз жұмды. Владимир Седов 1988 жылы 2 наурызда қазіргі Жетісу облысына қарасты Үштөбе қаласында туған. Үлкен ағасы Сергей Седов та ауыр атлетикамен айналысқан. Қазір ол жаттықтырушы. Владимир Седов 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқаннан кейін оның ағзасынан тыйым салынған заттар ...

    Read More »

    Допинг дауы: Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеме жасады

    Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады. Федерация допинг қабылдаған спортшылардың аты-жөндерін атап, тиісті шараның қолданғанын хабарлады. 18 мамырда Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан 17 сәуірде алынған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Осылайша, оң нәтиже Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлынан табылды, – делінген хабарламада. ...

    Read More »

    Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды

    Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова  жасөспірімдер арасында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол ұзындыққа секіруден фаворит болып, 5,9 метрге секірді.  Бұған дейін Рыпакова Қазақстан чемпионатында 6,21 метрге қарғыса, қыста 6,25 метр көрсеткіш тіркеген. Алайда Азия чемпионатында бұл нәтижелерін қайталай алмады. Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық жеңіл атлет Хуан Иньинь жеңіп алды. ...

    Read More »

    Ауыр атлеттер Азия чемпионатында төрт алтын жүлде жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның  Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық додаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды.   Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды  Нұрғиса Әділетұлы сыйлады. Ол 102 келіге дейінгі салмақта 400 (181+219) келіні басынан асырды. Жұлқи көтеруде күміс, серпе көтеруде және жалпы жаттығуларда алтын жеңіп алды. 109 ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды. Артем Антропов алғашқы ...

    Read More »

    Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Нұрғиса Әділетұлы серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс медаль алды. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді басынан асырды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте ол 400 келімен топ жарды. ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды

    3 мамырда Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында  ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады. Ол 13 мамырға дейін жалғасадыү Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Азия чемпионаты 2024 жылы өтетін Олимпиада қарсаңындағы  іріктеу турнирі болады. Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан мына спортшылар қатысады. Ерлер: Арли Чонтей ( 55 кг), Өтепберген (Әлиев 61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), ...

    Read More »

    Жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті

    Қазақстан азаматтығын алған жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті. Mozzartsport порталының хабарлауынша, жеңілатлет допинг қолданды деп айыпталып, жарыстарға қатысудан уақытша шеттетілді. Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетіледі. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып береді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »