• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атлетика

    Нора Джеруто — екі дүркін Азия чемпионы!

    Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 5 000 метр қашықтыққа жүгіруде Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто қарсыластарынан қара үзіп, топ жарды. Ол осымен биылғы додада екінші рет алтын жүлдені жеңіп алды. Нора Джеруто кеше де 3 000 метрге жүгіруде ...

    Read More »

    Елизавета Матвеева — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында Елизавета Матвеева биіктікке секіруде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Надежда Дубовицкая қосымша көрсеткіштер бойынша  жүлдеден тыс қалды. Пужа Пужа — 1.89 метр Елизавета Матвеева — 1.86 метр Сафина Садуллаева — 1.86 метр. Надежда Дубовицкая — 1.86 Елизавета Матвеева 2023 жылғы Азия чемпионатында да 1.86 ...

    Read More »

    Нора Джеруто Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто 9:10.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джепкемей (9:12.46) қола жүлдені иеленді. Ол бұған дейін Азия чемпионы атанған еді. ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионы атанды

    Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді. Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті. Спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті. Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Ясмина Тоқсанбаева – қола жүлдегер!

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-орынға орналасты.  

    Read More »

    Жасөспірімдер жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

    Сауд Арабиясының Даммам қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Команданың қоржынында бір алтын жүлде бар. Бұл жарыста Азия чемпионы атағына Полина Кузубова (жетісайыс) ие болды. Ал онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға табан тіреді. Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова мен Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер ...

    Read More »

    Ауыр атлет Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды

    Ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіп алды. Ол жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келіні көтерді. Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі. Атлет 356 (161+195) келіні көтерсе, қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды. Ол 355 (159+196) келіні басынан асырды. Жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем ...

    Read More »

    Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды

    Қазақстан құрамасы Қатардың Доха қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Ол қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні көтерді. Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келіні басынан асырса, үшінші орынды тағы бір Иран елінің атлеті Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келіні ...

    Read More »

    Азия чемпионы Ақжол Құрманбек әлем рекордын жаңартты

    Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмады. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты, — делінген хабарламада. ...

    Read More »

    Артем Антропов Қазақстан рекордын жаңартып, әлем чемпионы атанды

    Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың спортшысы Артем Антропов Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол қоссайыс нәтижесінде 400 кг зілтемірді көтеріп, Қазақстан рекордын тіркеді. Артем Антропов – 400 кг (170+230) Фарес Эль-Бах (Қатар) – 399 кг (174+225) Маркос Руиз Веласко (Испания) – 395 кг (183+212) Сондай-ақ Артем серпе көтеру ...

    Read More »