• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атлетика

    Астанада Олимпиадаға ұпай беретін халықаралық турнир өтеді

    Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада жеңіл атлетикаданьWorld Indoor Tour Gold  турнирі өтеді. Olympic.kz-тің хабарлауынша, алтын деңгейлі тур әлемнің жеті қаласында болады. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпанда Испанияның астанасы – Мадрид қаласында анықталады. Астанадағы турнирде үздік атанған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем ...

    Read More »

    Ермек Маржықпаев ауыр атлетикадағы допинг мәселесімен күресуді тапсырды

    Туризм және спорт министрі Ауыр атлетика федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы өнерін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарымен таныстырды, деп хабарлады ведомство. Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген ...

    Read More »

    Илья Ильин қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлеп жүр (ВИДЕО)

    Ауыр атлет Илья Ильин Instagram парақшасында Милана есімді қызын туған күнімен құттықтап, видео жариялады. Соңғы кезде ол қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлеп жүргенін айтты. Видеода ауыр атлет 14 жасқа толған Миланаға зор денсаулық пен бақыт тіледі. Мен бүгін бақыттымын. Бүгін — Милананың туған күні!  Ол 14 жасқа толды. Милана, жаным мен сені сүйемін. Туған күніңмен құттықтаймын! Мен сені жақсы көремін, ...

    Read More »

    Допинг дауы: Нора Джерутоның кінәсі жоқ

    Биыл сәуір айында допинг қолданды деп айыптылып, барлық жарыстардан шеттетілген жеңіл атлет Нора Джерутоның кінәсі жоқ екендігі дәлелденді. Сәуір айында Нора Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетілген еді. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып беретын болған. Алайда, оның допинг қолданбағаны ...

    Read More »

    Дастан Мұқашбеков – Азия Пара ойындарының чемпионы! (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Дастан Мұқашбеков ядроны 15 метр 74 см-ге лақтырып, бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, осы санатта тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк ядроны 12 метр 39 см-ге жіберіп, қола медальді иеленді.  Ал екінші орын БАӘ спортшысы Алкаби Мохаммадқа бұйырды. Ол 12 метр 99 см жерге ядроны түсірді. Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби ...

    Read More »

    Таңдай білу де өнер!

    Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары аяқталуға таяған сайын басшы да, қосшы да бары мен жоғын түгендеп, табысы мен кемшілігін сараптап жатуы заңды. Әуелде Ойындарға аттанғанда осымыз дұрыс деп қабылдаған шешімдерінің Ойындар барысында қабырғасы сөгіліп, тұмсығымен жер сүзген шешімдеріне кінәлі іздеп,жер тепкілеп жатқандары да жоқ емес.   Бұл — үлкен шаруаның бәріне тән қорытынды. Біз де Ойындар толық аяқталмаса да болған оқиғалардан сүзіп ...

    Read More »

    Бұл қазақ жүгірмейтін болған ба?!

    Қандай ірі жарысқа барсам да оның 100 метрлік бәсекесіне бас сұқпай кеткен емеспін.  Өзім көрген Олимпиадаларымда тап солай.  Азия ойындарында тап солай.  Бірақ, …нәтиже де тап солай.  Ханчжоудағы 100 метрлік жарыстың финалында кім жүгірмеді…  Вьетнам қызы да, Таиланд қызы да, Индонезия қызы да, Бахрейн қызы да, Иран қызы да жүгірді  Тек қазақ қызы ғана жүгірген жоқ.  Тіпті, қазақстандық жеңіл атлет ...

    Read More »

    Біреуге қараған күнің құрысын…

    Азия ойындарындағы медалі ең көп спорт түрі — жеңіл атлетика.  Жалпы медальдар жиынтығы ең көп жарыс — жеңіл атлетика жарысы.  Біздің ел кешенді үлкен жарыстарда бұл мәселені үнемі есте ұстап жүретін.  Кешегі Токио Олимпиадасы мен бұл Ханчжоудағы XIX Азия ойындарында осы дәстүрден жаңылғандаймыз ба, қалай…  Біріншіден, Ханчжоуға небәрі 20-дай ғана жеңіл атлет әкелдік.  Есесіне, Е-спорт дей ме, аты-жөні белгісіз бір спорт түрінен 30-ға ...

    Read More »

    Илья Ильиннің зайыбы «гендер-пати» ұйымдастырды

     Ауыр атлет Илья Ильиннің зайыбы бизнесвумен Татьяна Ильинаның (Гордиенко) аяғы ауыр екені белгілі болды. Арнайы аппарат іштегі баланың жынысы — қыз екенін анықтап, белгілеген. Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышын бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ғашық еркек пен әйел болмаймыз! Құдай бірлігімізге береке әкелді! Біз ата-ана боламыз! Екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық, бірақ УЗИ бәрін көрсетті! ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынына 1 күміс, 3 қола жүлде түсті

    Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД ойындарының бесінші күні Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан 1 күміс және 3 қола жүлдені иеленді. Күміс жүлдені 600 метрге жүгіруден 1,25,56 уақытпен Дмитрий Спаский алса, Ангелина Шрубянец 60 метрге кедергілермен жүгіруден 9,18 уақытпен және ұзындыққа секіруден Андрей Ким 5,97 көрсеткішпен қола жүлдегер атанды. Сонымен бірге жарыста 4х200 метр аралас эстафетадан құрамында Юлия Демкина, Ангелина Шрубянец, Андрей ...

    Read More »