Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қайсар» клубына облыс бюджетінен 5 млрд теңге беруге қарсы шығып, команданы қомақты ақшамен қаржыландырудан бас тартты.
Бүкіл қаражатты «Қайсар» клубын қолдауға бөле алмаймыз. Басқа халыққа қажетті жобаларымыз бен өзекті мәселелеріміз де бар. Клубтың басшысы келіп, бюджетін көтерейікші, сонда біз жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші не екінші орында боламыз дейді. Мен бюджеттен 5 млрд теңге ақша бөліп, бірінші орында болмай-ақ қойдым дедім.
«Қайсар» – бюджеттен ең аз ақша берілетін клубтардың бірі. Оны мойындаймын, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Оның айтуынша, футбол клубына бюджеттен шамамен 1 млрд 300 мың теңгедей бөлінеді.
Рустем ЖҰМАН,
АЛМАТЫ