• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылады

    Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясын өткізді. Биылғы 2023 жыл отандық күрес қауымдастығы үшін жарқын оқиғаларға, тарихи әрі сенсациялық көрсеткіштерге толы болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі. Бүгінде күрестің үш түрінен ресми халықаралық жарыстарда ұлттық құрама қоржынында барлығы 117 медаль бар. Оның ішінде спортшылар 26 алтын жүлде, 33 күміс медаль, 58 қола жүлде иеленді. Конференцияға Грек-рим, еркін және әйелдер күресі ...

    Read More »

    Аманғали Бекболатов – грек-рим күресінен әскерилер арасындағы әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Әзербайжанның Баку қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аманғали Беқболатов  грек-рим күресінен әскери қызметкерлер арасында өткен әдем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Аманғали Бекболатов еліміздің намысын халықаралық аренада қорғап келе жатқан талантты балуандарымыздың бірі. Ол биыл Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында өткен рейтингілік турнирде де атой салып, өз салмағында, яғни ...

    Read More »

    Түсіме күрес кірмейді – Александр Карелин

    Жақында Астанаға грек-рим күресінен Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, тоғыз дүркін әлем және он екі дүркін Еуропа чемпионы, Ресей батыры, Мемлекеттік думаның депутаты Александр Карелин келіп, Ұлттық Олимпиада комитетінде жас спортшылармен кездескен екен. Мен атақты балуанмен осыдан 13 жыл бұрын кездесіп, өзім жұмыс істеген «Егемен Қазақстан» газетіне аз-кем сұхбат алып едім. Сол кезде Карелин ұмытпасам, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы ...

    Read More »

    Түркістанда даңқты қолбасшыны еске алуға арналған турнир басталды

    Түркістан қаласындағы Olympic center спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін күрестен және әйелдер күресінен XXVII халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күрес додасына биыл еліміздің барлық өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 24 команда, 454 балуан қатысып, боз кілем көркін қыздыруда. Тартысқа ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы мешіт ашылады

    24 қарашада Алматы облысы Қарсай ауданы Жібек жолы ауылында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы мешіт ашылады, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Мешіттің мекенжайы: Дүйсеков көшесі, 1. Жақсылық Үшкемпіровтің шын есімі — Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданындағы Дихан ауылында туған. 2020 жылы 2 тамызда пандемия кезінде қайтыс болған. 1971 ...

    Read More »

    Қазақ балуаны UWW шешімімен қазан айының үздік спортшысы атанды

    Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling — грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы, — ред.) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады.  Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жақында Албанияның астанасы – Тирана қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта чемпион атағын жеңіп алды. Сөйтіп, Сұлтан ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Сауд Арабиясында балуандарымыз барлық жүлдені жеңіп алды

    Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ күресінен мынға түскен ұлттық құраманың балуандарының бәрі жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, ұлттық спорт түрлерінен бірқатар жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде қазақ күресі де бар. Қазақ күресі алғаш рет жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына еніп, бес салмақта мықтылар белгілі болды. Оның ...

    Read More »

    Белгілі бапкер Серік Жұмашев ердің жасы елуге толды

    Белгілі спорт маманы, көптеген балуанның биік шыңға шығуына бір кісідей атсалысқан азамат Серік Мұратұлы Жұмашев ердің жасы елуге толды. Біз қазақ спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматты туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, қызметте табыс тілейміз! Секең грек-рим күресінен ұлттық құрама мен  Қазақстанның жастар құрама командасының аға жаттықтырушы кезінде шетелде оның шәкірттері жетістікке жетіп, еліміздің әнұранын ойнатып, көк байрағын ...

    Read More »

    Талант талантты таниды

    Бүгін спорт жанашыры, меценат, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері Рүстем Әбдікәрімұлы Мұқатов қазақ спортына бір кісідей еңбек етіп келе жатқан білікті маман, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Серік Мұратұлы Жұмашевті ердің жасы елу жасымен құттықтады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қазақта. Ұлт жанашыры Рүстем Әбдікәрімұлы көптеген шәкірт тәрбиелеген жаттықтырушыға зор денсаулық, қызметі мен спорттық карьерасына ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді финалға шықты

    Албанияның астанасы – Тирана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен (U23) әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының балуаны Асылжан Есенгелді финалға шықты. Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аса тартысты өткен жартылай финалда Қырғызстанның бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түсті. Оған дейін Асылжан Есенгелді бірінші белдесуінде жапон Каито Моританы, ширек финалда үнді балуаны Акаш Дахияны с жеңді. Бүгін отандасымыз бас ...

    Read More »