• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Таразда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

    Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас балуан қатысуда. Бұл дода жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен спортқа бастар маңызды белес саналады. Себебі, дәл осы жарыста топ жарған балуандар алдағы уақытта Азия ...

    Read More »

    Астанада жас балуандар бақ сынады

    Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық манежде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Он күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірінен 1 200-ден астам жас спортшы қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады. Ел күресінің тарихында тұңғыш рет биылғы чемпионатта жүлдегерлерге сыйақылар тағайындалды. Күрес түрлерінен өткізілетін Қазақстан чемпионаттарында қаржылай жүлде қоры бұрын-соңды ...

    Read More »

    Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға шеберлігін көрсетті

    Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында тағылымы мол кездесу болды, Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Қазақтан шыққан кәсіпқой сумошы, Жапония төрінде топ жарып жүрген жалғыз қазақ Ерсін Балтағұл кәсіби спортшылармен және жас балуандармен жүздесті. Кездесуге қазақ күресінің абсолютті салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген түйе балуандар, сондай-ақ Qazaqstan Barysy республикалық турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев пен ...

    Read More »

    Ризабек Айтмұқан Super 4 Wrestling турнирде жеңімпаз атанды

    Еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат. -Финалдық белдесуде ол ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен қапы қалдырды. Нәтижесінде халықаралық турнирдің чемионы атағын жеңіп алды. Отандасымыз одан бұрын болгариялық Ахмед Батаевтан басым түсті. Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2023, 2024, 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс ...

    Read More »

    Ер есімі ел есінде

    Қазақ спортында өшпес із қалдырған тау тұлғалы есімдердің арасында Жақсылық Үшкемпіровті айырықша атайтынымыз мәлім. Жақсылық ағамыз — грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қарадомалақ қазақтың баласы болғандықтан есіл ердің есімі ел есінен бір сәтте ұмытылмайтын, қазақ халқының біртуар перзенті. Аты аңыз балуанның арамыздан фәни жалғанға аттанып кеткеніні біраз жыл болса да аты әйгілі балуанның рухы жақындай түскен сияқты. Жақсылық Әмірәліұлының ...

    Read More »

    Қыздар халықаралық турнирде екі күміс жүлде алды

    Осы күндері Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі болып жатыр. Осы халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде алды. 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалда ресейлік Александра Скиренкодан жеңіліп, екінші орынды алып қалды аяқтады. 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова финалда Светлана Липатовамен (Ресей) күресті. Белдесуде ресейлік балуан жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Жас балуанның жарқын жеңісі

    Ақтау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында ауданымыздың мақтанышы Рауан Ғазизов жақсы нәтиже көрсетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған додада жас балуан Ерейментау ауданының абыройын асқақтатты. Чемпионатта ол алты рет бозкілемге шығып, соның бесеуінде жеңіске жетіп, тек бір белдесуде ғана жеңіліс тапты. Рауан финалда Қызылорда облысының балуанымен күш сынасты. Тартысқа толы белдесулер жас спортшының жарысқа дайындығын, табандылығын және жеңіске деген жігерін ...

    Read More »

    Жеңістің жолын ашатын кілт – еңбек

    Еңбек етпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Талмай жасаған табанды еңбектің нәтижесінде адам бір жетістікке жете алады. «Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады», — деген екен Леонардо Да Винчи.  Мысалы, спортта аттары әлемге әйгілі Пеле, Мұхаммед Әли, Майкл Фелппс, Усейн Болт, Тедди Риннер, Александр Медведь секілді  аттарын айта берсең, шексіз біртуар тұлғалар сондай ғаламат жетістіктерге жетуінің басты себебі, талмай ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Жас палуанның жарқын жетістіктері

    Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы Нұрасыл Асылханұлы Аманалы – бүгінде грек-рим күресінен ел назарын өзіне аударып жүрген жас спортшылардың бірі. Нұрасыл 2005 жылғы 9 қаңтарда туған. Бала кезінен спортқа бейім болып өскен ол грек-рим күресін өмірлік жолы ретінде таңдады. Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, оқу мен спортты қатар алып ...

    Read More »

    Қазақстан күрес федерациясына жаңа басшы келді

    Бүгін «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жылдық қорытынды конференция отырысында Қазақстан күрес федерациясына жаңа басшыны сайлау рәсімі болды. Бұған дейін федерациясының президенті қызметін атқарған даңқты балуан, Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың орнына кәсіпкер Еркін Оқасов сайланды. Қазақстан күрес федерациясының әлеуметтің желідеге парақшасында Дәулет Тұрлыханов қызметінен кететінін жария етті. — Бүгін мен Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін ...

    Read More »