• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

    Олимпиада лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстанның астанасы — Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбекстандық Джабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Бұл — Азамат Дәулетбековтің  сары құрлық чемпионатындағы қатарынан үшінші алтын жүлдесі. Сонымен қатар ол 2017 жылы Үндістанның Дели қаласында күміс медальді, 2018 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында ...

    Read More »

    Қарысбек Махамбетов: «Ризабек жаңа салмаққа бейімделіп жатыр»

    Еркін күрестен Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Қарысбек Махамбетов Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні туралы өз ойын айтты. Жаттықтырушы Olympic.kz-ке сұхбатында  балуандардың күресіне баға беріп, олардың алдағы мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Ол алғаш рет Азия чемпионатында жүлде алған Мейрамбек Қартбай туралы былай деді: Мейрамбек Қартбай алғаш рет Азия чемпионатында жүлдегер болды. Ол былтырғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Ризабек Айтмұхан — күміс медалист!

    Қырғызстанның Бішкек қаласында еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміз тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда 97 келі салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күресіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бұл екеуі бозкілемде осымен екінші рет кездесті. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов қазақ балуанын жеңген болатын. Ризабек Айтмұхан — 92 ...

    Read More »

    Мейрамбек Қартбай – еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері! (ВИДЕО)

    Күрес түрлерінен Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен 57 келі салмақта күш сынасқан Мейрамбек Қартбай қола медальге ие болды. Ол Азия чемпионатына екінші рет қатысып, алғаш рет медальді жеңіп алды. Балуан бірінші рет Азия чемпионатына 2019 жылы қатысқан болатын. Сол кезде Қытайда өткен құрлық чемпионатында ол  9-орыннан көрінген еді. Ал биылғы Азия додасында Мейрамбек Қартбай жартылай финалға шығып, ...

    Read More »

    Бішкекте күрестен Азия чемпионатының жалауы желбірейді

    11-16 сәуірде Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына 30 медаль бәске тігіледі. Биыл осымен үшінші рет өтетін жарысқа Олимпиада және әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Рисако Кинжо, Юи Сузаки, Нонаки Озаки (Жапония), Нұрсұлтан Тұрсынов, Азамат Дәулетбеков, Ризабек Айтмұхан, Эльмира Сыздықова (Қазақстан), Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, Айсулу Тыныбекова (Қырғызстан), Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен басқа да атақты ...

    Read More »

    Ақжол мен Жоламан — қырғыз халқының мақтанышы

    Жақында ер Манастың елінде күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына қырғыздың бетке ұстар спортшысы Ақжол Махмудов қатысады. Ол осымен төртінші рет Азия чемпионатына қатысатын болады. Қазіргі кезде Ақжол Махмудов — күрестен Азия чемпионатында 3 алтын алған жалғыз палуан. Сөзсіз, енді тарихта қалады. Өз елінде мұндай жетістікке әлі ешкім жеткен жоқ. Жоламан Шаршенбеков, Ратбек Санатбаев, Данияр Кобонов және Жанарбек Кенжеев екі рет ...

    Read More »

    Күрестен Күншығыс елінің Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері

    2004-2020 жылдары аралығында Жапонияда әйелдер күресінен Олимпиада чемпионы мен жүлдегері атанған спортшылар туралы мәлімет. Алтын жүлде алғандар: Каори Ите – төрт дүркін Олимпиада чемпионы (Афина-2004, Бейжің-2008, Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016); Саори Есидо – үш дүркін Олимпиада чемпионы (Афина-2004, Бейжің-2008, Лондон-2012); Рисако Кавай – екі дүркін Олимпиада чемпионы (Рио-де-Жанейро-2016, Токио-2020); Хитоми Обара – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы; Эри Тосака – 2016 жылғы ...

    Read More »

    СІМ Америкада көз жұмған қазақ спортшысына қатысты түсінік берді

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ-та көз жұмған cпортшы Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 2024 жылғы 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы консулдыққа Филадельфия қаласында Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфиядағы мәйітханаға жеткізілді. Филадельфия қаласы сот-медициналық кеңсесінің мәліметінше, өлім жүректің тоқтап қалуынан болған. Нақты ақпаратты күтеміз. Қазақстанның консулы қайтыс болған ...

    Read More »

    Маңғыстаулық Майис Әлиев Олимпиаданың жолдамасына таласады

    19-21 сәуір күндері Қырғызстанның астанасы — Бішкекте күрес түрлерінен өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын Қазақ балуандары анықталды, деп хабарлады Қазақстан грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясы. Бішкек қаласында күрес түрлерінен он сегіз салмақта Олимпиялық ойындардың жолдамасы ойнатылады. Қазақстаннан он алты балуан (5-грек-рим күресінен, 5-еркін және 6-әйелдер күресінен) күреседі. Күрестен Париж Олимпиадасына жолдамасына ұлттық құраманың мына балуандары қатысады: Грек-рим ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров турниріне 234 балуан жиналды  

    Астанадағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Кеше оның алғашқы жеңімпаздары белгілі болды. Бқл турнир биыл төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы мемлекеттері өз балуандарын алып келді. Бұл елдердің саны бойынша өзіндік ...

    Read More »