• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Ералхан Айкөз — ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы

    Бүгін «Nur-Sultan Ethno Fest»  мерекесі аясында өткен «Алтын жебе» І әлем чемпионаты аяқталды.  Бұл додада қазақ сұрмергені Ералхан Айкөз тұңғыш әлем чемпионы атанды. Түске дейін «Түрік стилі» бойынша өткен бәсеке тамашаланды. Бұл мергендік сайысында дүниежүзілік жарыстардың атақты мергені, румыниялық Михай Козмей чемпион атанған-ды. Екінші орынды кешегі «Азиялық стильде» де жүлделі орын алған кореялық жас мерген Ли Сунг Хо иеленді. Ал, ...

    Read More »

    «Nur-Sultan ethno fest» фестивалінің думаны қызды

    Елордадағы «Хан-шатыр» кешені маңындағы этно-қалашық таңертеңнен қалың көрерменге лық толды. Сонда «Nur-Sultan ethno fest»  фестивалін тамашалаушылар бұл этно-қалашықтан қандай қызықтарды көре алды? «Алтын жебе» І әлем чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысын айтпас бұрын біз осы этно-қалашыққа  қысқаша бір шолу жасағанды жөн көрдік. Атап айтып өтелік,  «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі – бұл елордада өтіп жатқан  этно-жанрдағы бірегей жоба. Мұнда этно-спорт та, этно-мәдениет ...

    Read More »

    Бүгін І әлем чемпионаты басталады

    «Алтын жебе» әлем чемпионатына қатысатын спортшылар  «Nur-Sultan ethno fest»  мерекесі өтетін этно-қалашықта соңғы даярлық-жаттығуларын жасады, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Кеше дүниежүзі мергендері ертеңгі бәсекеде жарыс жолына шығу реті бойынша этно-қалашықтың үлкен сахнасына жеребе тартуға жиналды.  Жарыс жеребесін тартудың салтанатты  рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі Денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай ...

    Read More »

    «Алтын жебе» мергендері атқа мінді

    Бүгін тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» әлем чемпионатына қатысушы мергендер жеребе бойынша ат таңдап, алғашқы даярлық-жаттығуды бастады. Шетелдік спортшылар өздеріне тиесілі болған аттарға бой үйретіп, жарыс алаңына шықты. Суретте: І әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрама командасы (солдан оңға қарай)  Айтбек Сарыбай, Ғалымжан Өміртай, Бақдәулет Бабажан, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен бас бапкер, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев,  Ералхан Айкөз, Абзал Тулыбеков. Суретте: Қазақстан ...

    Read More »

    «Nur-Sultan ethno fest» мерекесі басталды

    Бүгін «Хан-шатыр» маңындағы «Nur-Sultan ethno fest»  мерекесінің алғашқы күнгі думаны басталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Ұлттық салт-дәстүрдің салтанат құрған мерекесін тамашалау да, балалар мен ересектер арасындағы түрлі дәстүрлі спорттық ойындардың думанды бәсекесі де қызу жүргізіле бастады. Көпшілікке көш кезінде түйеге жүк артудың рет—тәртібі көрсетілуде «Қисық ағаш тез басында жатпайды». Ағаш шеберлері қисық ағашты тезге салып түзейді Қолөнер бұйымдарының қалай ...

    Read More »

    Елордада «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі жалауын көтерді

    Бүгін 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өтетін «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесіне байланысты қос шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Алдымен елордадағы «Хан Шатыр» кешені маңында орналасқан этно-қалашықта ​Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов пен Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбайдың қатысуымен арнайы баспасөз туры өтті. Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдеріне  ...

    Read More »

    Тұңғыш әлем чемпионатына қатысатын мергендер

    Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Алтын жебе» І әлем чемпионатының басталуына санаулы ғана күндер қалды. Қазіргі кезде мергендер сайысына 12 мемлекеттің жиырмадан астам спортшысының қатысатыны анық болды. Олардың ішінде өткен жылдары «Алтын жебе» халықаралық турнирінде бақ сынаған бірнеше мерген бар. Жанкүйерге таныстыру мақсатында бүгін осы спортшылар туралы жариялауды жөн көрдік. Елордадағы «Хан-шатыр» кешені маңында, «Nur-Sultan Ethno Fest»  мерекесі аясында 31 мамыр мен ...

    Read More »

    Таразда ұлттық спорттан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    19 мамыр күні Тараз қаласында басталған ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Көкпар мен аударыспақтан ХІХ рет, теңге ілуден ХІІІ рет, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған елішілік жарыстың соңғы күні көкпар бәсекесінің финалдық ойыны тамашаланып, чемпионаттың салтанатты жабылуы өтті. Екі жыл қатарынан түркістандық «Құлагер» командасына есе жіберген Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы көкпардың бүгінгі финалдық ...

    Read More »

    Аударыспақтан Қазақстан чемпиондары анықталды

    Бүгін  Қазақстанның ересектер арасындағы аударыспақтан ХІХ  рет өткен чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Өткен жылғымен салыстыра өтер болсақ, былтырғы чемпиондық атақтарын сақтап қалған түркістандық аса ауыр салмақтағы балуан Біржан Қосалиев пен 70 кило салмақтағы балуан ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов қана болды. Сонымен, Тараз қаласында өткен биылғы аударыспақ бәсекесінде кімдердің жұлдызы жанды? Суретте: Аса ауыр салмақтағы даңқты балуан Біржан Қосалиев ...

    Read More »

    Жамбы атудан жаңа чемпион шықты

    Бүгін Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен V  Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қызылорданың мергені Ғалымжан Өміртай елішілік жарыстың бас жүлдесін иеленді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдесін бас-аяғы 22 спортшы сарапқа салды.  «Қалқан ату» және «Жамбы ату» бәсекесі бойынша өткен елішілік жарыста Қызылорда облысы  командасының мерейі үстем болды. Бұған дейін жастар арасындағы елішілік чемпионатта екі дүркін ...

    Read More »