• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Велоспорт

    Жасөспірімдер Олимпиадасында жүлденің ауылы алыс емес

    Сенегалдың астанасы Дакар қаласында жалауы желбіреген IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық гимнастикадан Ева Тациева үздік 18 гимнасшының қатарына кіріп, финалға жолдама алды. Ол жекелей көпсайыста 47,866 ұпай жинап, жалпы есепте 21-орынға шықты. Тағы бір гимнасшы Андрей Терман көпсайыста өнер көрсетті. Отандасымыз алты снарядта өнер көрсетіп, 69,199 ұпай жинады. Дегенмен финалға шыға алмады. Тасжолдағы велоспорттан ұлдар арасында өткен топтық жарыс та ...

    Read More »

    Велоспортшылар Пара Азиада чемпионы атанды

    Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарынан тағы да қуанышты хабар келіп жетті. Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Бүгін тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп, мәреге бірінші болып жетті. Олардан ...

    Read More »

    Алексей Луценко алты дүркін Азиада чемпионы атанды

    Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Алексей Луценко топ жарды. Велошабандоз 4 сағат 13 минут 11 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл – Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Ол жарыстың алғашқы күнінде жекелей ...

    Read More »

    Велоспорттан АЧ: Евгений Федоров тас жолда топ жарды

    Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол топтық жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Спортшы 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй, үшінші орынды Абдулла Жасим Әли (БАӘ) иеленді.    

    Read More »

    Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

    Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады olympic.kz Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді.  Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея ие болды. Сонымен бірге Азия чемпионатында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары бір-бір  алтын жүлдеден жеңіп ...

    Read More »

    Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

    Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында Евгений Федоров қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Соңғы жарыс күнінде ерлер 151 шақырым топтық сайыста сынға түсті. Онда ұлттық құраманың спортшысы Евгений Федоров (3:21:46) мәреге үшінші болып жетті.  Алтын жүлдені Ыро Ким (Корея Республикасы), күміс медальді қытайлық атлет Сянджин Лью иеленді.  

    Read More »

    Ақпейіл Өсім велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Бүгін Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 23 дейінгі қыздар арасындағы 112,6 шақырымтоптық жарыста ұлттық құраманың спортшылары қос жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз Ақпейіл Өсім мәре сызығын 2:56:51 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтсе, Елизавета Склярова қола медаль иеленді. Күміс жүлде индонезиялық Девика Соваға бұйырды. Азия чемпионатында ...

    Read More »

    Азия чемпионатында Қазақстан тағы төрт жүлде иеленді

    Алматы қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында ұлттық құраманың велошабандоздар бір алтын, бір күміс, екі қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ерлер арасындағы жекелей сында Евгений Федоров мәреге 49:46 секундта жетіп, чемпион атанды. Одан кейінгі сатыға тағы бір отандасымыз Дмитрий Груздев (50:20) жайғасты. Үшінші орынды жапониялық Юкиа Арасиро (51:20) иеленді. Азия чемпионатына ...

    Read More »

    Пара велоспортшылар Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

    Пара велоспорттан Алматыда өткен XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола медальді жеңіп алды. Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өткен тандемдік дисциплинасында Сейітжан Кенжегүл (стокер) мен Антон Лаврентьев (пилот) мәреге 20:27.9 уақытта жетіп, чемпион атанды. Екінші орынды иеленген Александр Малыгин (стокер) мен Дэвид Кусаков (пилот) мәреге 21:13.5 минутта кесе, қола медаль Тәлім Дастан (стокер) мен ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Велоспорттан Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының спортшылар аралас командалық эстафетада топ жарды. Бұл бәсекеде ел намысын Рината Султанова, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова мен Фаина Потапова қорғады. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Гонконг командасы иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »