• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Волейбол

    Түркиядағы жер сілкінісінен Солтүстік Кипрдің тұтас бір волейбол командасы қаза тапты

    6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін түркиялық үш волейболшы, сондай-ақ Солтүстік Кипрдің тұтастай бір волейбол командасы қаза тапты. Бұл туралы Fanatik сайты хабарлады. Адыяман қаласындағы үйінділер астынан 16 кипрлік волейболшы табылды. Бұл туралы Түрік волейбол федерациясы хабарлаған. Сондай-ақ Adıyaman Gençlerbirliği және Малатья BBSK командаларының ойыншылары Гамзе Наз Чучук, Эмине Арслан және Эминкан Коджабаштың жойқын жер сілкінісі салдарынан ...

    Read More »

    Түркиядағы жер сілкінісінен ерлі-зайыпты волейболшылар қаза тапты

    Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты. Бетюль Чобан Чакыр көп жылдан бері Газиантептің «Меринос» волейбол клубында өнер көрсетті. Оның жұбайының да волейболға қатысы бар болғанымен, ол кәсіпқой ойыншы болған емес. Соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті. 34 810 адам жарақат алды.   ...

    Read More »

    Қазақстан клубы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

    Бүгін Түркияныӊ Анталия қаласында клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша бұл додада Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB)  биылғы маусымды қорытындылайды. Бұл чемпионатта еліміздің намысын Петропавлдың «Қуаныш» клубы қорғайды. Ол дүрмекті додада алғаш рет клубтық Азия-2022 чемпионы ретінде бақ сынайды. Бұған дейін әлем чемпионатына Өскеменніӊ «Алтай» командасы екі рет қатысқан болатын. 2018 жылы «Алтай» командасына әлемніӊ еӊ үздік ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

    Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтағы 11 елдің 29 құрамасы 18 қарашаға дейін мықты команданы анықтайды. Бұл қатарда жарыс қожайыны Иран төрт құрама қосса, Қазақстан, Австралия, Қытай, Таиланд, Жапония мен Катар үш командадан жіберді. Оман, Индонезия, Гонконг екі жұптан аттандырды. Тек Үндістан бір құрамасына сенім артады. «D» тобындағы Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы (Қазақстан ...

    Read More »

    Сәбина Алтынбекова спортқа қайта оралды

    Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова спортқа оралатынын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Көпшілікті толғандырып келген мәселе туралы айтқым келеді. Иә, мен қайтадан қатардамын. Жаңалықтан құлағдар болыңыздар, –  деп жазды ол Instagram желісіндегі стористе. Сәбина Алтынбекова Тайваньның астанасы Тайбэй қаласында волейболдан әйелдер арасында өткен XVII Азия чемпионатында ең сұлу спортшы атанғаннан кейін жер жүзіне кеңінен танылды. Сол кезде бойы 182 см, салмағы 59 ...

    Read More »

    Қорғалжында тегіне тартқан тарландар тұрады

    13-14 мамыр күндері Ақмола облысының  Қорғалжын ауданында алғаш рет «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасы өтті.  Оған аудан бойынша 13 мектептен 446 бала қатысты. Спартакиадада оқушылар тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо, асық ату, үстел теннисі, президенттік көп сайыс, қыздар және ұлдар арасындағы волейбол  секілді спорт түрлерінен бақ сынасып, мықты дегендері жеңіс тұғырына шықты. Жарыста төрешілердің шешімімен бірінші орынды Қорғалжын  мектеп-гимназиясы, екінші орынды Ақтан ...

    Read More »

    Әлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Октябрь Жарылқапов

    Октябрь Қыдырбайұлы қазақ волейболының негізін қалаған көрнекті спорт қайраткері. Кеңес одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болған бірінші қазақ маманы (1965 ж.) Әлем чемпионатының қола жүлдегері,  Еуропа чемпионы Жәнібек Сауранбаевтың, КСРО студенттер құрамасының бас бапкері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Заңғар Жәркешевтің, Алматының АДК командасының ұзақ жыл бас бапкері болған Жұмаш Махмұтовтың, Алматының «Буревестник» командасының тренері болған Марат Мәденовтің т.б. атақты ...

    Read More »

    Сегіз жылдан бері жалғасын тапқан турнир

    Волейбол спортының елімізде кәсіпқойлар арасындағы даму қарқыны қай деңгейде екені ұлттық құраманың, клубтардың  әлемдік додалардағы жетістігімен өлшенеді ғой. Әуесқойлар арасында волейбол спорты кеңінен қанат жайған. Оған ауыл ішілік, ауданаралық, облыстық, республикалық турнирлерге қатысуға ынта танытқан командалардың көптігі дәлел. Осындай сайыс сегіз жылдан бері Райымбек, Кеген аудандарының әуесқой волейболшылары арасында үзбей өткізіліп, дәстүрге айналған. Ай сайын бір мәрте болатын додаға екі ...

    Read More »

    Қазақ волейболының атасы

    Қазақстан волейболының атасы Октябрь Жарлығапов туралы бір үзік сыр «Тартыспен түскен бейнетпен келген жақсылық қана шын мәнінде қымбат табыс» М.Әуезов Қазақстандағы волейболдың қалыптасу ошағы неден басталғаны туралы сөз еткенде  осы бір теңдесіз текті спорт өнерін елімізде негізін қалаған, аты әйгілі волейбол шебері, сонау  Алматынының «Буревестник» командасын адам айтса нанғысыз деңгейге көтерген дарынды жаттықтырушы, волейболдан еліміздегі тұңғыш КСРО спорт шебері, 1960 ...

    Read More »

    Желтоқсан батырлары жарыс алаңына шықты

    Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл-қыздардың батырлықтарын ешуақытта ұмытпау келер ұрпақ үшін өте маңызды. Сонау 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ тарихында өшпес із қалдырғанын жақсы білеміз. Бірақ сол атойлаған жастық шағын ел тәуелсіздігі үшін құрбан еткен батыр ұл-қыздарымызға құрмет өз деңгейінде жасалып келе ме?- деген сұрақ әлі толықтай жауабын таба алмай келеді. Дегенмен де бүгінде ортамызда жүрген Желтоқсан оқиғасының қаhармандары өз белсендігімен ...

    Read More »