• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жақсылық Үшкемпіров

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Қазақстан үшін !!! 1983 жыл! Мәскеуде КСРО Халықтарының VIII Спартакиадасы өтті. Ол кезде спорт журналистикасының атына тақым тастай бекіген, жарыстан қалмаймыз, біз де бардық. Бүгінгі жастарға түсінікті болсын, ол кезде КСРО-да бұл СПАРТАКИАДАДАН асқан маңызды жарыс жоқ болатын. Ол жарыстардағы нәтижені КПСС Орталық комитетінің өзі бақылауда ұстап, жақсы нәтиже көрсетсең бастан сипап, нашар нәтиже көрсетсең құйрықтан шықпыртатын! Өйткені, бұл Спортакиададағы ...

    Read More »

    Жақсылықтың қазасы – қазақ қоғамының қабырғасын қайыстырды

    Артық айтты демеңіздер, кеше «Жақсылық қайтыс болыпты!» дегенді естігенде менің өз басымның өмір сүріп жатқан кеңістігім күл-парша болып күйреп түскендей болды! Сонау оттай қызу шағымда спорт атты өнерді таңдап алып, содан бергі 45 жылда (!) әр сағат, әр күнімді Жақсылықсыз өткізбегендіктен бе, Жеңіс, Чемпион атақтарын Жақсылықсыз тойламағандықтан ба, жеңіліс пен сәтсіздікті Жақсылықсыз жүректен өткізбегесін бе, оның ұлы табиғаты менің кеудеме ...

    Read More »

    Алматыда жылдың үздіктері анықталды

    Бүгін қазақ спортының қара шаңырағы, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірі – Қазақтың Спорт және Туризм академиясында еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген бүгінгі күн батырлары, еліміздің ең үздік спортшыларын марапаттау салтанаты мен «Ұлы дала батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан Қазақтың Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен өтіп отырған бұл ...

    Read More »

    Еңбегі ерен Жақсылық немесе осыдан үш ай бұрын жазылған мақала

    Биыл күзде боз кілем мен бизнесте абыройға бөленген Жақсылық Үшкемпіровты көп болып жұмылып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ұсынсақ, деген ыңғайда мақала дайындап, Жақсылық ағаның өзіне хабарласқан едім. Аға болса: «қоя тұрайық, бір бұйырғаны болар», деп тоқтатқан еді. Кеше Еңбек Ерінің алтын жұлдызын өңіріне қадаған Үшкемпіровке қатысты сол жазбаны фейсбукке жариялағанды жөн көрдім. «Мемлекеттің туы екі жағдайда ғана арнайы көтеріледі. Ел ...

    Read More »

    Сіз нағыз Еңбек Ерісіз!

    Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жақсылық Үшкемпіров «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды, деген хабарды естігенде қуанбаған қазақ баласы кемде-кем шығар. Жақсылық ағамыз мұндай биік мәртебеге әбден лайық азамат! Кезінде грек-рим күресі бойынша қазақ палуандарынан бірінші болып Кеңес одағының және КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, Олимпиада чемпионы атанған ағамыз сонау жетпісінші-сексенінші жылдары халқымыздың мәртебесін биіктетіп, намыс туын жоғары ұстап еді. Турасын айтқанда, ұлтымыздың ...

    Read More »

    Чемпион Жақсылық ер атанды

    Бүгін классикалық күрестен әлем, Олимпиада чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атағын алды! Бұл жоғары марапатты Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды. Жақаңды алғаш құттықтаушылардың бірі мен болдым. Жасыратыны жоқ, Жақсылылықты осы атаққа ұсынып, баспасөзде кеңінен насихаттаған, сонау 2015 жылдан бастап, Ақордаға спортшылардың қолын қойғызып, хат ұйымдастырғандардың бірі де мен едім. Міне, ақыры арман орындалды! Ең бастысы,қазақ халқының,қазақ ұлтының тілегі қабыл ...

    Read More »