• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Иран

    Иранда жанкүйерлер «Зенитпен» ойын кезінде Украинаға қолдау көрсетті (ВИДЕО)

    Иранда Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол командасының ойыны кезінде жергілікті жанкүйерлер Украинаны қолдайтын перфоманс ұйымдастырды. Бұл туралы Twitter-дегі Iran International English парақшасында хабарланды. Иран жанкүйерлері өз командалары Санкт-Петербургтің «Зенит» клубымен өткізген жолдастық кездесуде Украинаны қолдайтындарын көрсетті, – делінген хабарламада. Бұл күні Нева жағалауынан келген клуб Тегеранның «Сепахан» командасымен күш сынасты. Қазір екі команда да өз чемпионаттарында көш бастап келеді. Жалпы, Ресейдің Украинаға ...

    Read More »

    Иранда белгісіз адам 27 жастағы футбол жанкүйерін атып кетті

    Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран мен АҚШ (0:1) құрама командаларының кездесуінен кейін Иранның Энзели қаласында сақшылар 27 жастағы  Мехран Самакты деген жанкүйерді атып кеткен. Бұл туралы The Guardian хабарлады. Иран құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында топтан шыға алмайтын жағдайға жеткен соң Самак көлігінің сигналын қосып жүрген. Осыны сылтауратқан белгісіз адам жанкүйерді басынан атып кеткен. Иран футболшылары мундиальда өткізген үш кездесуде 3 ...

    Read More »

    Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

    Иран халқы футболдан ұлттық құрама команданың әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын тойлады, деп хабарлады Азаттық радиосының Ирандағы қызметі. B тобында ойнаған Иран құрамасы АҚШ-тан жеңіліп, плей-офқа өте алмай қалған еді. Сол себепті, жұрт ел астанасы Тегеран мен өзге де бірнеше қалада көшеде билеп, көлік сигналын басып, шаттанған. Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр. Өйткені олар Катардағы әлем чемпионаты басталғанда «исламист республиканың атынан қатысып ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Иран жанкүйерлері АҚШ-тан жеңілген соң бір-бірімен төбелесті

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран құрамасының жанкүйерлері бір-бірімен төбелесіп қалды. Олар бүгін түнде АҚШ командасынан жеңілген соң, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. БАҚ-та, әлеуметтік желіде төбелестің неден шыққаны туралы көп нәрсе айтылып жатқан жоқ. Telegram-дағы «Первый спорт» арнасының хабарлауынша, парсылар бір-бірін жеңіліске кінәлап, төбелескен жоқ. Олар ойыннан кейін өкіметті жақтаушылар мен Ирандағы билігіне қарсылар болып бөлініп, төбелескен. Иран билігін ...

    Read More »

    Иранда футболшылардың туыстарына қысым көрсетіліп жатыр

    Осы күндері футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иранның ұлттық құрама командасының ойыншылары мен олардың туған-туыстарына қысым көрсетіліп жатыр. Бұл туралы «Чемпионат» хабарлады. Атап айтқанда, бүгін Иран Ислам революциясының сақшылары АҚШ құрамасымен болатын матчтың алдында футболшылар өздерін «дұрыс ұстамаса», олардың туыстарының түрмеге қамалып, азапталатынын айтқан деген дерек бар. Мәліметке қарағанда, қазір Ислам революциясы сақшылары корпусының он шақты офицері Иран командасының футболшыларын жіті қадағалап ...

    Read More »

    Англия құрамасы әлем чемпионатының рекордын жаңартты

      Катарда өтіп жатқан әлем чемпинатында Англия құрамасы голға әкелген дәл пастар бойынша әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты. Бұл рекорд бесінші голдан кейін тіркелді. Кездесуде ағылшындар бесінші голдан кейін бір-біріне 35 рет дәл пас беріп, Иран командасының қақпасына алтыншы голды салды. Матч 6:2 есебімен Англия құрамасының пайдасына шешілді. Кездесуде Грилиш, Джуд Беллингем, Маркус Рашфорд, Рахим Стерлинг бір-бірден гол салса, Букайо Сака ...

    Read More »

    Иранда футболшы Әли Даеи өлім жазасына кесілді

    Иран өкіметі футболдан елдің ұлттық құрама командасының бұрынғы шабуылшысы Әли Даеиді өлім жазасына кесті. Кезінде Иран құрамасы мен Еуропаның бірнеше  атақты клубтарының ойнаған футболшы қыркүйек айының басында қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан. Ол Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды жалғастырудың орнына Иран халқының мәселелерін шешуге шақырған. Осы жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның ...

    Read More »

    Қазақстанның бес атлеті Азия чемпионы атанды

    Иранның астанасы Теһран қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қыздарымыз 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Иран Ислам Республикасының заңына сәйкес, әйелдер ерлерден бөлек жеке сайысқа түсуі қажет. Сондықтан таңертеңнен түске дейін әйелдер, одан кейін ерлер арасындағы жарыстар өтіп жатыр. Бүгін, 2 ...

    Read More »

    Қазақстан атлеттері алғашқы күні екі алтын жүлде иеленді

    Иранның астанасы Теһран қаласында өтіп жатқан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының бірінші күні Қазақтанның жеңіл атлеттері 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 1 ақпан күні таңертеңгі бағдарламада тек қыздар өнер көрсетті. 3000 метрге жүгіруден қостанайлық Татьяна Нерознак қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Ол 3 шақырымды 9 минут 33.65 секундта жүгіріп ...

    Read More »