• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Англия құрамасы әлем чемпионатының рекордын жаңартты

     

    Катарда өтіп жатқан әлем чемпинатында Англия құрамасы голға әкелген дәл пастар бойынша әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты.

    Бұл рекорд бесінші голдан кейін тіркелді. Кездесуде ағылшындар бесінші голдан кейін бір-біріне 35 рет дәл пас беріп, Иран командасының қақпасына алтыншы голды салды.

    Матч 6:2 есебімен Англия құрамасының пайдасына шешілді. Кездесуде Грилиш, Джуд Беллингем, Маркус Рашфорд, Рахим Стерлинг бір-бірден гол салса, Букайо Сака дубль жасады. Ирандықтар сапынан Мехди Тареми екі голдың авторы атанды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *