• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні аралас командалық жарыстар өтті.

    Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес, дзюдошылар алты салмақ дәрежесінде күресті (әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг, ерлер -73 кг, -90 кг және +90 кг).

    Аралас командалық Қазақстан чемпионатына барлығы 18 команда қатысты.

    Нәтижесінде Жетісу облысының командасы чемпион атанып, финалда Маңғыстау облысын 4:3 есебімен жеңді. Атырау және Алматы облыстарынан келген татами шеберлері қола медальдарға ие болды.

    Биылғы Қазақстан чемпионатының жеке жарыстарына Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан 500-ге жуық спортшы қатысты.

    Ақтөбе облысының татами шеберлері жеке есепте 3 алтын және 1 қола медаль жеңіп алып, медаль кестесінде көш бастады. Атырау облысының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен екінші орынды иеленді. Ал Алматы қаласының командасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.

    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құраманың құрамына кіретін болады. Жаңа маусымға жаңа құрам жасақталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *