• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Нысана көздеу

    Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы алтын жүлдені жеңіп алды

    Чехияның Пльзень қаласында өткен Гран-при жарысында Қазақстан құрамасы тағы бірнеше жүлдеге ие болды. Әуелі аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде  (10 метр) ерлер арасында Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Даниил Яковенко үштігі топ жарып, алтын медальді жеңіп алды. Дәл осы бағдарламада әйелдер арасында Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова, Зухра Ирназаровадан құралған команда күміс медаль иеленді. Одан кейін ұлттық құраманың спортшысы Максим Мазепа ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Қазақстан Гран-при жарысында екі медаль иеленді

    Нысана көздеуден Чехияның Пльзень қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында Қазақстан спортшылары екі медальді жеңіп алды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлдене ие болды. Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып ...

    Read More »

    Нысана көздеуден ұлттық құрама Әлем кубогының финалына шықты

    Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында нысына көздеуден Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова сайыс кезінде 578 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Енді бүгін олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз бен Исмаил Келеспен алтын жүлдені ...

    Read More »

    Стенд атудан ұлттық құрама Олимпиадасының лицензиясын иеленді

    Стенд атудан ұлттық құраманың көшбасшысы Эдуард Ещенко Катардың астанасы — Дохада өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек бір ұпайға қалып қойды. Спортшы 35 ұпай жинады. Бұл — стенд ату шеберлерінің екінші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған ...

    Read More »

    Елизавета Безрукова нысана көздеуден әлем рекордын жаңартты

    Нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогында Елизавета Безрукова жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың мергені 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, бірінші орын алды. Іріктеу кезеңінде одан кейінгі сатыға Анита Манголд (Германия) 593 ұпаймен жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан рекорды жаңарды

    Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар арасы) өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) ...

    Read More »

    «Алтын мерген» Гран-приінде Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

    Шымкент қаласында нысана көздеуден «Алтын мерген» халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Биылғы турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан пен Беларусь Республикасынан 230 таңдаулы мерген жиналды. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпы есепте 17 алтын, 13 күміс пен 13 қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы 1-орны алды. Екінші сатыға Беларусь құрамасы ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Никита Чирюкин — тапаншамен атудан күміс жүлдегер!

    Мысырдың астанасы – Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы жолындағы турнирде 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин күміс жүлдеге ие болды. Ол 31 ұпай жинады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста бас жүлдені Жапонияның өкілі Жонг-Хо Сонг 37 ұпай жинап, жеңіп алды. Үшінші орынды 27 ұпай алған франциялық Флориан Петер иеленді. 21 ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле. ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан командасы Олимпиадаға бес жолдама алды

    Қазақстан ұлттық құрама командасының мергендері Индонезияның астанасы – Жакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күні тағы 3 күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады уризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) Фатима Ирназарова күміс жүлдегер атанды. Ол жарыста 361 ұпай жинап, тек Қатар спортшысына есе жіберді. Ал ерлер арасында Асадбек Назиркульев та ...

    Read More »