• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Спорттық гимнастика

    Спорттық гимнастика: Милад Карими — Әлем кубогының иегері! (ВИДЕО)

    Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде ұлттық құраманың екі атлеті жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) жеңімпаз атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, үшінші сатыға табан тіреді. Күміс медаль Люк Уайтхаусқа (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) бұйырды. Бүгін Милад Карими қоссырық ...

    Read More »

    Гимнасшы Аида Бауыржанова Әлем кубогының финалына шықты

    Бүгін спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде тағы екі спортшымыз өнер көрсетіп, біреуі финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда сынға түскен Аида Бауыржанова 12.800 ұпай жинап, 6-орынмен финалға шықты. Ал Дарья Ясинская үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады. Бөрене жаттығуында Дарья Ясинская 22-орынға (11.833) тұрақтаса, Аида ...

    Read More »

    Гимнастшы Ілияс Азизов Challenge Cup турнирінің жеңімпазы атанды

    Ілияс Азизов спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы ат снарядындағы жаттығуда 14.600 балл жинап, алтын жүлдені жеңір алды. Ол бір күн бұрын осы бағдарламаның іріктеуінде де ең көп ұпай жинады (14.650). Бұл — Азизовтың осы турнирдегі екінші жүлдесі. Оған дейін ол еркін жаттығуда ...

    Read More »

    Challenge Cup турнирі: Қазақстан алтын мен күміс медаль алды

    Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлады kazsports.kz. Бұл жарыста ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының екі гимнастынан озып кетті. Бұған дейін хабарланғандай, көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында ...

    Read More »

    Барды бағалай білген жөн

    Қазақстандағы спорттық гимнастиканың өзекті мәселесі мен осы спорт түрінен қазақ қыздары арасынан алғаш болып КСРО біріншілігінде табысты өнер көрсеткен, спорттық гимнастика мен акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шынашақтай ғана шымыр қыз Қарлығаш Қалиева туралы бір үзік әңгіме. Спорттық гимнастика түрінен Кеңес Одағы кезінде көптеген спортшыларымыз байрақты жарыстарға қатысып,еліміздің намысын абыроймен қорғағанын жақсы білеміз. Мысалы, спорттық гимнастика туралы әңгіме қозғаған кезде ...

    Read More »

    Алматыда спорттық гимнастикадан Спартакиада басталды

    Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Төрт жылда бір келетін бұл жарысқа 7 өңірден 40-тан аса ер адам, 8 өңірден 50-ге тарта таңдаулы әйел гимнаст қатысады. Командалар шеруінде Республикалық Спортты дамыту дирекциясының және облыстық спорт басқармасының өкілідері сөз сөйлеп, атлеттерге сәттілік тіледі. Бүгін ерлер мен әйелдер іріктеу ...

    Read More »