• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстанға келуге келіскен Альварес Головкиннің жанкүйерлерінен қорқып отыр

    Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді.

    33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жанкүйерлерінің реакциясы. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

    Алматы немесе Астанада өтетін іс-шара аясында «Канеломен» фан-митинг жоспарланған. Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді. Бірақ ол  Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің теріс реакциясынан қорқады, — деп хабарлады сайт.

    Еске сала кетсек, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жеткен еді. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі өткен жылдың күзінде болды.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *