Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді.
33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жанкүйерлерінің реакциясы. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Алматы немесе Астанада өтетін іс-шара аясында «Канеломен» фан-митинг жоспарланған. Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді. Бірақ ол Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің теріс реакциясынан қорқады, — деп хабарлады сайт.
Еске сала кетсек, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жеткен еді. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі өткен жылдың күзінде болды.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА