Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы ұлттық құраманың шабуылшысы Киллиан Мбаппені басқа командаға ауысуына қатысты мәлімдеме жасады.
Клубтың президенті Нассер Әл-Хелаифи форвардты «ПСЖ» құрамында қалдырығысы келетінін айтты.
Мен Килианның клубымызда қалғанын қалаймын. Оны ешқайда жібіргім келмейді. Ол әлемдегі ең мықты ойыншы. Менің ойымша, Килиан үшін «ПСЖ» командасынан артық клуб жоқ. Мбаппе үшін ең жақсы клуб — ол біздің командамыз. Мен оған сенімін. Одан енді басқа клуб туралы сұрай бермеңіздерші. Оны жөніне қалдырыңыздаршы. Біз бәріміз бір отбасының адамдары сияқтымыз, — деді ол.
Команда басшысы Мбаппеден тағы да басқа клубқа ауысуы туралы сұрамауды өтінді.
Әсіресе, БАҚ мен сіздерге айтамын, жағдайды ушықтыра бермеңіздер, — деді Франция клубының тегі араб иесі Әл-Хелаифи.
Еске салсақ, бұған дейін Киллиан Мбаппенің биылғы маусым аяқталысымен Мадридтің «Реал» клубына ауысатыны туралы әңгіме шыққан еді. Оны футболшының өзі де жасырмай айтқан болатын.
Қазір Мбаппе Франция чемпионатында мергендер көшін бастап келеді. Ол 16 ойында 18 голдың авторы атанып отыр. Бес рет 11 метрлік айып добынан қақпаны дәл көздепті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА