• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Олимпиаданың ашылу салтанаты 8 мың адам сиятын Купол Ёнпон спорт кешенінде болды. Бұған дейін Купол Ёнпон сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді.

    Спортшыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады.

    Іс-шарада еліміздің көк туын конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шықты.

    Олимпиадада елімізден рекордтық 41 спортшы 5 спорт түрінен 9 дисциплинада бақ сынайды.

    Жалпы жарысқа әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы қатысып, жүлдеге таласады.

    Енді отандастарымыз 20 қаңтарда биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек, 3×3 хоккейден жарысты бастайды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *