• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Аргентинаға аттанды

    3-4 ақпанда Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы мен оыс елдің командасы арасында Дэвис кубогы жолындағы іріктеу матч болады, деп хабарлады  Telegram-дағы RRaketkasi.

    Командалар «Жокей Клуб де Росарио» топырақ төсенішіндегі кортта ойнайды.

    Қазір Қазақстан құрамасы Аргентинада матчқа дайындалып жатыр. Жаттығуға кірісіп кетті.

    Аргентинаға команданы Юрий Щукин бастап барды. Ол — команданың капитаны.  Құрамада Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко пен Александр Недовесов бар.

    Корттың сапасы өте жақсы. Әсіресе, өткен жылы біз ойнаған Болгария немесе Чилидегі жағдаймен салыстырғанда, шынымен де жақсы екен. Аргентиналықтар жақсы дайындалған. Олар топырақ төсеніште ойнауды ұнатады.

    Аргентинаның мықты құраммен ойнайтынын бәрі жақсы біледі. Дегенмен біз барынша қарсы тұрып, олардың жоспарын бұзуға тырысамыз, — деді Тимофей Скатов.

    Аргентина – 2016 жылғы Дэвис кубогының иегері. 1981, 2006, 2008 бен 2011 жылдары финалға шыққан тәжірибелі команда. Қазақстан Аргентинамен үшінші рет ойнайтын болады. Әзірше есеп тең – 1:1.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *