• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/qaz_team_official/

    Жолдама ала алмаған балуандарға айтарға сөзім жоқ — Мадияр Құрамысов

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мадияр Құрамысов Түркияның Ыстанбұл қаласыда өткен соңғы іріктеу турнирін қорытындылады, деп хабарлады Olympic.kz

    Бұл турнирде еркін күрестің балуандары үш салмақта (57, 65, 74 келі) сынға түсіп, үшеуінде де жолдама ала алмаған еді.

    Бас жаттықтырушының айтуынша, негізі, жігіттер жақсы күресті. Бірақ шешуші сәтте шеберлік жетпей қалды. Құрамға келер болсақ, жігіттердің бәрін әділетті түрде таңдап алынды.

    Адлан Асқаров салыстырмалы түрде Бішкекте күрескен Майс Алиевтен мықтырақ болды. Рахат Қалжан да ең соңына дейін күресті. Ал Нұрғожа Қайпановтың әлеуеті осы. Бұдан жақсы нәтиже көрсете алмай жүр. Қазір оның 74 келі салмағы еркін күрестегі ең беделді салмақ. Сондықтан, алысқа бармады. Ыстанбұлдағы турнирден соң балуандарға айтарға сөз жоқ, — деді Құрамысов.

    Түркиядағы турнирде Рахат Қалжан (57 кг) жолдама үшін белдесуде жеңілсе, Адлан Асқаров (65 кг) екінші айналымда жарыстан шығып қалды. Нұрғожа Қайпанов (74 кг) болса, қола медаль үшін күресте қарсыласына есе жіберді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *