Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Үндістанның Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 991-орында тұрған жапон Анри Нагатамен ойнады.
Бірінші партияда Ж.Құламбаева 3, А.Нагата 2 брейкпен көзге түсіп, сет 6:4 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.
Екінші сетте де осы жағдай қайталанды. Есеп — 7:5.
Матч 2 сағат 4 минутқа созылды.
Енді Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы, индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен ойнайды.