• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде алды

    Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі болып жатыр.

    Жарыста Қазақстан садақшылары әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бақ сынады.

    Қазақстан құрамасы Бангладеш спортшыларымен нысана көздеп, оларды 230:224 есебімен жеңді. Команданың намысын Әдел Жексенбинова, Роксана Юнусова мен Виктория Лян қорғады.

    Енді Азия кубогының алтын жүлдесі үшін Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды.

    Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан небәрі бір ұпай артта қалып, жеңілген болатын. Есеп 229:230 болған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *