• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    World Boxing: Қазақстан қыздар құрамасы жеті жүлде алды

    Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында Бүкіл әлемдік бокс одағының (World Boxing) ұйымдастыруымен 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен жарысты аяқтады.

    Сары құрлық додасында бұрымды боксшылар 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді. Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 кг) Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда үнді Критика Уасанды 3:2 есебімен жеңді.

    Аяжан Ермек (57 кг) күміс жүлдегер атанса, Айым Таңқыбаева (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Алина Кұдайгенова (60 кг), Ақбота Есімбекова (65 кг) пен Сабина Жақсылық (80 келіден аса салмақта) қола жүлдені қанағат тұтты.

    Азия чемпионаты 30 шілде басталған еді. Ол 12 тамызға дейін болады. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысып жатыр.

    Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.

    Енді құрлықтық додада 19 жасқа дейінгі ұлдар арасында жекпе-жектер болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *