АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде БАӘ өкілі Хамзат Чимаев (14:0) пен Оңтүстік Африка Республикасының жекпе-жек шебері Дрикус Дю Плесси (23:2) күш сынасты.
Бұған дейін африкалық файтер орта салмақтағы UFC чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сондықтан оған алдағы жекпе-жекте белбеуін қорғауына мүмкіндік бар еді.
Бұл жекпе-жек 5 раундқа жоспарланғанымен уақытынан бұрын аяқталды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Хамзат Чимаев жеңіске жетті (50-44, 50-44, 50-44).
Осылайша Хамзат Чиваек 15 рет жеңісін тойлап, белбеуді байлап алды. Ол үш рет қана жеңілген.
Чимаев алғаш рет UFC белбеуінің иегері болды. Ал Дрикус Ду Плесси белбеуді үшінші рет қорғағысы келді. Бірақ ол әрекеті сәтсіз аяқталды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА