• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады

    «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады

    Бүгін сағат 17:00–де «Қайрат» (Алматы) мен «Реал» (Мадрид) матчына билеттер сатылымы басталады, деп хабарлады fckairat.com.

    Әрбір матчқа билеттің бағасы — 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады.

    Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) — 30 мың теңге;

    Солтүстік / Оңтүстік трибуналар — 75 мың теңге;

    Шығыс трибуна — 150 мың теңге;

    Батыс трибуна — 250 мың теңге;

    Ережеге сәйкес, бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Билет алған кезде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі қажет. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.

    Билеттерді Ticketon платформасында, FCKAIRAT.COM сайтында және Qairat Superapp қосымшасында сатып алуға болады.

    «Қайрат» пен «Реал Мадрид» клубтарының УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы ойыны 30 қыркүйекте Орталық стадионда сағат 21:45-те басталады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *