Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Ол әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті.
Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үшінші орынға АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер ие болды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары