2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет ойнаған Алматының «Қайрат» клубының қанша пайда тапқаны белгілі болды.
«Қайрат» сегіз матчта бір ұпай алды. Алматының клубы Португалияның «Спортинг» командасынан 1:4, Испанияның «Реал Мадридінен» 0:5, Италияның «Интерінен» 1:2, Грекияның «Олимпиакосынан» 0:1, Данияның «Копенгагенінен» 2:3, Бельгияның «Брюггесінен» 1:4, Англияның «Арсеналынан» 2:3 есебімен жеңіліп, Кипрдің «Пафосымен» ғана 0:0 есебімен ойнады.
«Қайрат» Чемпиондар лигасын негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) пайда тапты. Негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін командаға тағы 19,32 миллион еуро (11,65 миллиард теңге) түсті.
Еурокубок маусымы аяқталғаннан кейін бұл ақшаға телевизиялық және маркетингтік құқықты сатудан түскен төлем қосылады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары