• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Жүзуден әлем кубогында Қазақстан рекорды жаңарды

    Бүгін Астана қаласындағы «Барыс Аренада» жүзуден «Жібек жолы» сериясы аясында әлем кубогының кезеңі басталды.

    Алғашқы жарыс күнінің іріктеуі нәтижесінде еліміздің үш өкілі кешкі финалға жолдама алды. ​Айбат Мырзамұратов бірден екі бағдарламада жүлдеге таласады. Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеуде 26,57 секунд нәтиже көрсетсе, 200 метрге 1 минут 57,50 секундтта жетті.

    ​ Егор Попов 100 метрге еркін стильмен жүзуде 47,82 секунд нәтижесімен финалға жолдама алды. Ал Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде мәре сызығын 25,97 секундта кесіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Осыған дейінгі рекорд та өзіне тиесілі еді (26,06 секунд). ​

    Туризм және спорт министрлігі Спортты дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді финал бүгін Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *