• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Бибарыс Әшірбай – жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдесін алды

    Боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегалдың астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.

    Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты.

    Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен британдық боксшының басымдығын мойындады.

    Осылайша, Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарын екінші орынмен аяқтады.

    Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 кг) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль алса, боксшы Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) күміс жүлдеге ие болған еді. Ал боксшы Марал Төлепберген (54 кг), таеквондошы Любовь Юн (63 келіден аса) мен триатлоншы Рамазан Әйнегов үшінші орын алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *