• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Балуандар алғаш рет Ибраһим Мұстафа турниріне қатысады

    12-13 қарашада Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIII халықаралық турнир өтеді.

    Осы турнирге Қазақстаннан тек грек-рим күресінің шеберлері аттанады. Олардың арасында тәжірибелі бозкілем шеберлерімен қатар бірқатар жас спортшы бар.

    Құрама тізімі: Марлан Мұқашев (55 кг), Ернұр Фидахметов, Ернар Фидахметов (60 кг), Ғалым Қабдунасаров (63 кг), Дастан Зарлыханов, Мұхамедәлі Мамырбек (63 кг), Дінмұхамед Қошқар, Сұлтан Әсетұлы, Данияр Қаленов (үшеуі де – 67 кг), Ерасыл Нұрбосынов (72 кг), Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Ибрагим Магомедов (үшеуі де – 77 кг), Жаңтас Нұрғали мен Бақдәулет Азамат (87 кг), Юсуф Мациев (97 кг), Антон Савенко мен Мансұр Шадукаев (130 кг);

    Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы – Серік Жұмашев. Аға бапкер – Григорий Камышенко.

    Былтыр бұл турнир Шарм-эль-Шейх қаласында болған еді. Оған 13 елдің балуандары қатысты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *