Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова Египеттің Шарм-әл-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады.
Отандастарымыз ширек финалда ресейлік Елизавета Машна мен Елизавета Морозованы ұтты.
Бірінші партияда ресейліктер 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте де олар 4:1 есебімен алда тұрды. Міне, осы сәтте Жанель мен Аружан ойын тізгінін өз қолдарына ала білді. Олар қатарынан бес геймді ұтып, сетті 6:4 есебімен аяқтады.. Содан кейін супер тай-брейкте қарсыластарынан айласын асырды. Есеп – 10:6.
Жекелей сында Жанель Рүстемова франциялық Наеа Берекоэчеяға жол берді. Есеп — 1:6, 7:6 (7:3), 2:6. Дүниежүзілік рейтингте 832-орында тұрған франциялық теннисші Рүстемованы жеңу үшін 3 сағатқа жуық уақытын жұмсады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА