• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Роналду «Ювентустағы» қаржылық қулыққа қатысы бар деген күдікке ілікті

    Португалияның атақты футболшысы Криштиану Роналдудың басы даудан арылар емес. Әлем чемпионатының алдында «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін оның Катарда да жолы болмады. Енді ол қаржылық айла-шарғыға қатысы бар деп айыпталып жатыр.

    «Спорт Экспресс» басылымының хабарлауынша, Криштиану Роналду мен «Ювентус» клубының басшылары арасындағы жасырын келісімді БАҚ өкілдері біліп қойған. Қазір туриндік команданың басына бұлт үйірілді. Клубтың президенті Андреа Аньелли мен вице-президент Павел Недвед және директорлар кеңесінің басқа да мүшелері толық отставкаға кеткен. Бұған клубтағы қаржылық айла-шарғылардың көпшілікке белгілі болуы басты себеп болып отыр.

    «Ювентус» басшылары футболшылардың трансферіне қатысты соманы төмендетіп, қызметкерлердің жалақысы мен штат шығындары туралы мәліметті азайтқан.

    Қазан айында La Gazzetta dello Sport газетінің журналисі Фабиана делла Валле португалиялық футболшының да бұл іске қатысы бар екенін айтқан. Нақты айтқанда, туриндік клуб басшылығы Роналду төлеген 20 млн еуро көлеміндегі салықты есепке алмаған.

    2018-2020 жылдар аралығында «Ювентус» 115 млн еуроны осылай жасырып қалды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ «Ювентус» агенттіктерге жалған құжат әзірлеп, оған Криштиану қол қойды деген мәлімет те бар.

    Турин прокуратурасы сол кезде-ақ Роналдудан жалақысын көрсетуді сұраған болатын. Ал ол еңбекақысын жариялаудан бас тартты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *