Халықаралық футбол федерациясы 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы дауға байланысты Индонезия футбол қауымдастығына (PSSI) бөлінген қаржыны уақытша тоқтатты.
Jakarta Post мәліметіне қарағанда, ФИФА федерация FIFA Forward қорын PSSI-ны қаржыландыруды уақытша тоқтатып, Индонезия ел футболындағы жағдайды жақсарту жоспарын ұсынғаннан кейін санкцияны алып тастауды қайта қарайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін ФИФА Индонезияны мамыр-маусым айларында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатын (U-20) өткізу құқығынан айырған болатын.
ФИФА 2015 жылы үкіметтің PSSI қызметіне араласуына байланысты Индонезияны халықаралық футболдан бір жылға шеттеткен еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА