• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Ертіс» футбол клубы қайта құрылуы мүмкін

    Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Ертіс» футбол клубын қайта құру мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасына жазды.

    Бүгінде біз «Ертіс» ФК-ның болашағына қатысты 2 жолды көріп отырмыз. Біріншіден, 3,1 млрд теңге қарызы бар әрі банкроттық рәсімінен өтіп жатқан клубты оңалту.  Екіншіден, FIFA ережелері бойынша «Ертіс» ФК-мен аттас жаңа клуб құру. Оның ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алдындағы 846 млн теңге берешекті өзіне міндеттеме ретінде қабылдау, – деп  жазды Асайын Байханов.

    Кеңес қорытындысы бойынша спорт басқармасына 10 күн ішінде демеушілік қаражатты тартып, «Ертіс» ФК-ны жандандырудың жол картасын әзірлеу тапсырылды.

    Жоба мақұлданса, клубқа жергілікті ойыншыларды тартуға баса назар аударылады.

    Павлодар қаласының «Ертіс» футбол клубы 2020 жылы таратылған болатын.

     

    Дәурен ЕРБОЛАТ

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *